Ана махаббаты (Жапония цунамиінде болған оқиға) Жапониядағы жер сілкінісі, цунамиден кейін келген құтқарушылар қираған үйлердің ішінен, әйел адамның денесін тауып алады. Ол әйелдің денесінің тұрған кейіпі таңқалдырарлық жағдайда еді – ол жалбарынып тұрғандай тізерлеп жатқан еді.. Қолына қысып бір нәрсені ұстап алған болатын.. Қираған үй - оның арқасымен басын жарақаттап, оны мерт қылған екен.. Бастапқыда құтқару тобы, бұл жерді бір тексеріп ештеңе таба алмай, келесі үйлерді тексеруге кетіп бара жатқан болатын.. Бірақ, құтқару тобының басшысы бір қасиетті күштің сол үйге қайта жетелегенін айтады.. Қираған үйдің барлық жерін мұқият тексеріп жүріп, кіре беріс жерден өлі әйелдің денесін көре салып, топ басшысы: "Бері келіңдер! Бұл жерде бір әйел және кішкентай сәби бар екен! Тез бері келіңдер" деп айқай салды! Құтқару тобы, ол жерді мұқият тексеріп, әйел адаммен, оның құшағындағы кіші сәби баланы шығарып алды.. Сәби уайымсыз ұйықтап жатты.. Ол тірі қалған екен.. Оны дәрігерлер тексеріп жатыр.. Әйел адамның алақанынан ұялы телефон табылды.. Телефон экранында жазылған осындай sms болатын: "Егер сен аман қалсаң, есіңде сақта, балам, мен сені сүйемін!" Бұл хатты оқыған барлық құтқарушылар, өксіп жылай берді.. Аналарымызды бағалайық Достар!

Теги других блогов: цунами Жапония құтқарушылар